Бұғылар ұшақ сүйреген видео вирусқа айналды

Emirates әуекомпаниясы A380 ұшақтарының бірін Сантаның шанасына айналдырып, мерекелік атмосфера қалыптастырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Thenationalnews.com порталына сілтеме жасап.

Рождество кезінде Дубай әуежайының әкімшілігі өзінің серіктесі сандық (цифрлық) суретші Мостафа Элдастимен (Instagram желісінде 100.Pixels атымен танымал) бірігіп арнайы видео жариялады. Онда Дубай халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңында Сантаның қалпағымен безендірілген ұшақты бұғылар сүйреп, әуеге көтереді.

Әлеуметтік желіде ролик вирусқа айналды. Instagram желісінде жарияланған видеоның сипаттамасында "Капитан Клаус, ұшуға рұқсат сұраймын. Эмирейтстен Рождество құтты болсын" делінген. Оған бір жарым миллион қолданушы лайк басып, 16 мың пікір жазылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Emirates (@emirates)

Қолданушылардың көбі мерекелік шапалақтау смайлигін басып, видеоның керемет әрі креатив шыққанын жазған.

Айта кетейік, Элдиастидің көптеген видеолары вирусқа айланлып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жүр.

"Кейінгі екі жылда әлеуметтік желі өте мықты болып кетті, алайда мен өзімнің жұмыстарым ұзаққа шабады деп ойламадым. Алғысым зор және өзімді мақтан етемін", - дейді Мостафа Элдасти.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mostafa Eldiasty ® (@100.pixels)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mostafa Eldiasty ® (@100.pixels)