Қазақ тілінде саяхат тілімен сөйлейтін сайт іске қосылды - Kaz.tengritravel.kz

Саяхаттау десе, көз алдыңызға не келеді? Қазақстанның қай жерлерінде болдыңыз? Әлемнің қай елдерін араладыңыз? Біз сіздерге саяхаттың қыр-сырын таныту үшін Тengritravel.kz порталының қазақша нұсқасы Kaz.tengritravel.kz сайтын ұсынамыз. Бұл сайт арқылы сіздер өз еліміздегі танымал туристік жерлер мен әлі де танып-білуге тұрарлық, халық көп бара бермейтін аймақтарға бағыт сілтейміз, сонымен қатар, әлемнің таңғажайып жерлеріне, түкпір-түкпіріне бізбен саяхаттауға мүмкіндік бар. Мұнда саяхаттаушыға қажеттінің бәрі, жол жүру қағидалары, қауіпсіздік мәселесі, қанша қаражат алу керектігі, қандай кәдесый алу қажеттігіне дейінгі мәліметтің бәрі бар.

Сайтымызда "Менің елім", "Жер-жаһан", "Жол жазба", "Ел көп: таңда" айдарлары арқылы саяхаттың қыр-сырымен егжей-тегжейлі танысып, өзіңізге қажетті барлық мәліметке қол жеткізесіз.

Қаражігітов Айсұлтан Ғазизұлы/QazaqGeography

"Менің елім" айдары өз еліміздің біле бермейтін таңғажайып табиғи ескерткіштері мен тарихи жерлеріне сапар шегесіз. Бұл аймақтарға қалай бару керектігі, нені білу керектігімен алдын ала осы айдарымызда танысу мүмкіндігі бар.

"Жер-жаһан" айдарында әлемнің түкпір-түкпіріне бізбен саяхат жасайсыз. Еуропа дейсіз бе, Азия, Америка, тіпті Африка елдеріне қалай саяхаттау қажеттігін осы айдардан таба аласыз. Қай маусымда қай елге барған тиімді, қаражат пен қаіпсіздік, виза және жол жүру ережелеріне бүге-шігесіне дейін түсіндіреміз. Еңбек демалысын пайдалы, әрі сапалы өткізгіңіз келсе, балалрыңызбен саяхат жағымды болсын десеңіз әлемнің қай еліне сапар шегу туралы ойлансаңыз, біздің сайтты басшылыққа алыңыз.

Біздің порталда Қазақстан аумағында және шетелге шығатын жаңа әуе рейстері туралы ақпарат табуға болады. Коронавирус пандемиясына байланысты шет елге барарда қандай ережелерді сақтау керектігін ескертеміз.

Қашаубаева Айым/QazaqGeography

"Жол жазба" айдары бойынша сіз елімізде саяхаттауға қандай бағыттар тиімді, қай облыс аумағына қай мезгілде барған жөн деген сияқты сұрақтарыңызға жауап таба аласыз. Мұнда тіпті қай жерлерге әдемі фотосурет, селфи жасау керектігін дейінгі мәліметтер бар. Сонымен қатар, біздің елге саяхаттап келген шетелдік туристердің алған әсерлерімен де бөлісеміз.

"Ел көп: таңда" айдары әлемдік туристік бағыттарға жол сілтейді. Әлем бойынша туризм жоғары деңгейде дамыған елдерден бастап, саяхаттау енді ғана жанданып келе жатқан мемлекеттерге дейінгі мәліметтерді толық оқи аласыз. Сондай-ақ, әр елдің ерекшелігі, табиғаты, ауа-райы, тарихы, қауіпсіздік, асханасы мен туристік орындары туралы мәліметке қанық боласыз.

kaz.tengritravel.kz порталы сіздің болашақта саяхат әлеміндегі көшбасшы, жолбастаушы ретінде кәдеңізге жарары анық. Біз сіздер үшін сайтымызды күнделікті жаңа, жарқын мәліметтермен, жаңалықтармен толықтырып, сіздерге қызмет етуге әрқашан да дайынбыз.

Сұлтанов Ғабит Тілегенұлы/QazaqGeography