Қазақстандық саяхатшы әлемнің жаңа 7 кереметіне баруға кеңес берді

Көптеген елде болған қазақстандық жиһанкез Нұржан Алғашов "қайда барамын?" деп бас қатырып отырған туристерге шабыттану үшін әлемнің жаңа 7 кереметіне баруға кеңес берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. ⠀

Сонымен саяхатшы ұсынған көрнекі жерлер тізімі мынадай:

  • Колизей, Италия
  • Тәж-Махал, Үндістан
  • Петра, Иордания
  • Мачу-Пикчу, Перу
  • Чичен-Ица, Мексика
  • Иса ескерткіші, Бразилия
  • Ұлы Қытай қорғаны, Қытай

"Саяхатта жолым болып, осы тізімдегі елдердің алтауында болдым, әзірге тек Ұлы Қытай қорғанын көру бұйырмай тұр. Бірақ мына тізімдегі елдердің арасында Қытай бізге ең жақыны. Көрші ел туристер үшін карантин шектеулерін толық алып тастағанын күтетін боламыз, сосын мына тізімді жабуға болады. Суретте Чичен-Ица пирамидасы - ежелгі Майя елінен қалған көрнекі орын. Егер сіз АҚШ-қа визаңыз болса, Мексикаға кіру үшін сізге виза қажет емес. Осындай жеңілдіктер бар", - дейді саяхатшы Нұржан Алғашов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нуржан Алгашов (@travelblog.kz)