Туристерді таңғалдыруы мүмкін Мальдив аралдарының ерекшеліктері

© elements.envato.com

Кейінгі жылдары қазақстандық туристер арасында танымал бағыттардың бірі - Мальдив аралдары. Бастапқыда бұл елдің жұмақ аралдары демалыс үшін өте қымбат туристік орын болды, алайда пандемиядан кейін баға саясаты өзгеріп, түрлі қызметтер пайда бола бастады. Tengritravel.kz порталы қазақстандықтардың әсіресе шоу-бизнес өкілдерінің сүйікті мекені - Мальдив аралдары туралы қызықты деректерді баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі жылдары қазақстандық туристер арасында танымал бағыттардың бірі - Мальдив аралдары. Бастапқыда бұл елдің жұмақ аралдары демалыс үшін өте қымбат туристік орын болды, алайда пандемиядан кейін баға саясаты өзгеріп, түрлі қызметтер пайда бола бастады. Tengritravel.kz порталы қазақстандықтардың әсіресе шоу-бизнес өкілдерінің сүйікті мекені - Мальдив аралдары туралы қызықты деректерді баяндайды.

Мальдив - хинди тілінен шыққан сөз. "Mahal" - сарай, "diva" - арал деген мағынаны білдіреді. Халқының саны небары 400 мыңнан сәл ғана асып жығылады. Валютасы - мальдив руфиясы, теңгеге шаққанда 1 руфия - 28,71 теңгеге тең. Яғни бізге қарағанда айтарлықтай құнды. Тілі араб және ағылшын тілдерінің қосындысынан шыққан сингал тіліне ұқсас.

Әлемдегі ең жазық ел

Реклама
Реклама

Мальдив аралдары теңіз деңгейінен 1,8 метр ғана биікте орналасқан. Елдегі ең биік нүкте Виллингли аралында орналасқан, биіктігі небары 2,3 метр.

© pixabay.com

Мальдив туы

Мемлекет туының ортасында жарты ай бейнеленген. Ал айды жасыл тіктөртбұрыш қоршап тұрады. Жасыл түстің сыртында қызыл тіктөртбұрыш бейнеленген. Қызыл түс - елді қорғау жолында құрбан болған азаматтардың қаны, жасыл түс - бейбітшілік пен береке, ал жарты ай - ислам дінің символы ретінде суреттелген.

Теңіз түбіндегі жиналыс

Мальдив аралдарының президенті Мұхаммед Нашид елдің алты министрін жинап 2009 жылы су астында отырыс өткізген. Жарты сағатқа созылған жиналыста жаһандық жылыну мәселесі талқыланған.

Демалыс күндері

Әлемнің көп елінде сенбі және жексенбі күндері демалыс болса, Мальдивте жұма, сенбі күндері жұмыс істемейді. Ал, жексенбі аптаның басы боп есептеледі.

Ақ жағажайлар

Мальдив жағажайларындағы құм сары емес, ақ түсті. Бұл құмның құрамында кварц емес, маржан болатынына байланысты. Жер бетіндегі жағажайлардың 5 пайызы ғана ақ құмнан тұрады.

© pixabay.com

Кокостың отаны

Кокос ағашы Мальдивтің мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген. Бұл ағаш аралдардың бәрінде самсап тұрады. 30 метр биіктікке дейін өсіп, 100 жыл өмір сүреді.

Ең кішкентай аралдар

Аралдардың жиын саны - 1190. Солардың ішінде көлемі бірнеше шаршы метр ғана болатыны да бар. Ең үлкен аралы Ганның ұзындығы - 6 шақырым ғана.

Туристерге шектеу

Туристер Мальдивтегі кез келген аралға бара алмайды. Бару үшін жергілікті биліктен арнайы рұқсат алу қажет.

Су астындағы мейрамхана

Теңіз астында салынған Hilton Maldives Resort and Spa мейрамханасы небары 14 қонақты қабылдай алады. Жан-жағының бәрі қалың әйнекпен қоршалған. Сондықтан мейрамханаға келген қонақтар теңізде мекендейтін тіршілік иелерін тамашалай алады.

Қазақстаннан Мальдив аралдарына рейстер саны артуы мүмкін

2022 жылғы мамырда Қазақстан мен Мальдив Республикасының үкіметтері визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды, бұл екі елдің азаматтарына басқа елдің аумағына 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге кіруге және болуға мүмкіндік береді. Алматы - Мале тікелей рейсі әр сәрсенбі және сенбі күндері ұшады. Жолаушыларды Air Astana әуекомпаниясы жаңа Airbus 321 LR борттарымен тасымалдайды, билет құны шамамен 289 500 теңгеден басталады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная