"Түркия - 45, Мысыр - 51". Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан қай орында?

© pixabay.com

Дүниежүзілік экономикалық форумның тұжырымы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік экономикалық форумның тұжырымы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егер 2019 жылы Қазақстан 80-орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіштері жақсарып, 3,9 ұпаймен 66-шы орынға көтерілді. ДЭФ Саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі екі жылда бір рет жарияланады. Индекс елдерді 100-ден аса жеке бейіндік көрсеткіштер бойынша бағалайды. Жалпы алғанда, есеп бес субиндекстен, 17 негізгі көрсеткіштен және әртүрлі негізгі көрсеткіштерге бөлінген 112 жеке көрсеткіштен тұрады.

Бағаның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір елге сапарлардың немесе инвестициялардың қаншалықты қымбат екенін өлшейді. Елге саяхаттауға байланысты төмен шығындар оның көптеген саяхатшылар үшін тартымдылығын арттырады, сонымен қатар оның туристік секторын инвесторлар үшін тартымды етеді. Осы құрамдас бөлікте ескерілетін баға бәсекеге қабілеттілігінің аспектілеріне мыналар жатады:

Реклама
Реклама
  • Әуе билеттеріне және әуежай алымдарына салынатын салықтар - 5-орын;
  • қонақүйлердің салыстырмалы құны және қысқа мерзімді тұрғын үйді жалға алу - 12-орын;
  • сатып алу қабілетінің паритетімен ұсынылған өмір сүру құны - 20-орын;
  • сапар құнына тікелей әсер ететін жанармай шығындары - 4-орын.


weforum.org сайтынан скриншот

Қазақстанда туризмді дамыту үшін жоғары әлеует рейтингтің мынадай көрсеткіштерінде де көрсетілген:

  • туризм саласындағы еңбек нарығының ішкі индексі - 59-орын;
  • мәдени ресурстар көрсеткіші бойынша - 63-орын;
  • ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра нысандарының саны бойынша - 42-орын;
  • халықаралық келу маусымы бойынша - 26-орын;
  • шетелдік туристердің болу ұзақтығы бойынша - 52-орын;
  • мәдени көрікті жерлерге қызығушылық - 37-орын;
  • туризм саласына басымдық беру - 68-орын;
  • халықаралық ашықтық - 103-орын ;
  • табиғи ресурстар - 33-орын;
  • туристік қызметтер инфрақұрылымы - 76-орын;
  • бизнес орта - 90-орын;
  • денсаулық және гигиена - 33-орын;
  • қауіпсіздік - 77-орын.

weforum.org сайтынан скриншот

World economic forum сайтында рейтинг көшбасшысы Жапония болған. АҚШ пен Испания жүлделі екінші және үшінші орындарды өзара бөліскен. Үздік ондыққа Сингапур мен Аустралиядан басқасы Еуропа елдері кірген.

Рейтингте оң динамика көрсеткен - Вьетнам, Индонезия және Сауд Арабиясы болды, ал рейтингте жағдайын едәуір нашарлаған елдер - Малайзия, Үндістан және Моңғолия.

Қазақстаннан жоғары ұпай жинаған көрші елдер қатарында Грузия (44 орын), Армения (61 орын) және Әзербайжан (63 орын), ал Черногория (67 орын), Марокко (71 орын), Моңғолия (84 орын), Қырғызстан (90 орын) сияқты елдер біздің елдің көрсеткішінен төмен. Айта кетейік, Өзбекстан мен Беларусь дәстүрлі түрде рейтингке қатыспайды.

weforum.org сайтынан скриншот

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная