Кейінгі жылдары еліміздің сұлу да дархан жерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы әлем жұртшылығына паш ету жақсы бір трендке айналды. Телефон, Дрон, Go Pro немесе кәсіби фотоаппарат обьективіне ілінген туындыларды көріп, өз еліңнің ғажайып жерлеріне тамсанудан жалықпайсың. Осындай бір кереметтей дүниелердің авторларының бірі Ілияс есімді контент-мейкер. Ол Қазақстанда және шетелде түсірген өз туындыларын Youtube, Instagram және Tik-tok желісінде expllored никнейммен жариялап, Желі қолданушыларын таңғалдырып, қызықтырады. Тengritravel.kz тілшісіне берген сұхбатында Ілияс видео/фото түсірілімдердің қыр-сырымен бөлісті.
Ілияс бала кезінен отбасымен бірге табиғат аясындағы демалыс кездерін видеоға түсіре бастаған. Бірте-бірте ол Қазақстанды аралап, әлемнің бірнеше еліне барып, толықтай саяхатшыға айналған.
"Контент жасауда нақты бір жетістікке жету үшін көре білу қасиеті мен талғам маңызды рөл атқарады, мұны әрине тәжірибе арқылы шыңдайсыз және көпті көрудің әсері де мол. Кез келген саланың өз ерекшеліктері мен қиындықтары болады. Егер табиғат аясында түсірілім жайлы айтар болсақ, ауа райын болжауды меңгерген дұрыс, себебі сіздің жоспарыңызға әсер етуші факторлардың бірі - осы ауа райының құбылуы. Жарықты дұрыс қою - бұл көп нәрсені шешеді, сіз күткен нәтиже осыған да байланысты. Техникалық тұсын да ұмытпағаныңыз жөн, құрылғыларды дұрыс орнату және оны қолдану дағдысы көптеген мәселелерді шешеді. Локацияның таңдау да өзіндік рөл атқарады, дронды ұшыру кезінде ашық жерде адамдардың болмағанын, жел соқпағанын және дрон мен пульт байланысын бәсеңдететін жәйттер болмаса деп тілейсің", - дейді контент-мейкер.
Қазақстанды басқа елдермен салыстырасыз ба деген сұраққа ол бірден "жоқ" деп жауап берді.
"Ұқсас жерлер бар әрине, алайда Қазақстан өз бірегейлігімен Қазақстан болып қалады, сол себепті де "Қазақстандық Исландия" деген ұғым болмайды. Біздің елдің табиғатының өзіндік ерекшелігі бар. Таулары, шатқалы өзендері мен көлдері шекара аспай-ақ тамашалауға мүмкіндік береді", - дейді ол.
Әлеуметтік желіде Expllored аккаунтына жазылғандар позитив пікірлер мен смайликтер көп қалдырған: "Керемет, таңғажайып, талант, музыка сәтті қойылған, нағыз сиқыр, ертегідегі сұлулық, шексіз сұлу". Коментаторлар арасында кей видеолар Қазақстанда түсірілгеніне күмән келтіріп, таңданыстарын жасырмады. "Видео түсіруді үйретіңізші", - дегендер де бар.
Видеотүсірілімнің хас шебері елімізде өзіне ұнайтын бес жерді атады.
Сібе көлдері - ШҚО (ең төменгісі теңіз деңгейінен 714 метр биіктікте орналасқан көл)
Публикация от Ильяс | Content creator (@expllored)
Язевое (Қаракөл) көлі - ШҚО (теңіз деңгейінен 1656 метр биіктікте орналасқан көл)
Публикация от Ильяс | Content creator (@expllored)
Бұғыты - Алматы облысы (Іле Алатауының солтүстік-шығысындағы тау сілемі)
Публикация от Ильяс | Content creator (@expllored)
Есік көлі - Алматы облысы
Публикация от Ильяс | Content creator (@expllored)
Бұрхан-Бұлақ сарқырамасы - Алматы облысы (Орталық Азиядағы ең биіктен құлап ағатын сарқырама)
Публикация от Ильяс | Content creator (@expllored)