Шетелдіктердің Қазақстанда жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қағида күшіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов/Тengrinews.kz © Тұрар Қазанғапов/Тengrinews.kz

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшiн қандай мамандық иесі болуы керегі жарияланды. Биыл 28 ақпанда күшіне енген қағида аясында шетелдіктер біздің елде 10 жылға дейін тұрақты тұруға рұқсат алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшiн қандай мамандық иесі болуы керегі жарияланды. Биыл 28 ақпанда күшіне енген қағида аясында шетелдіктер біздің елде 10 жылға дейін тұрақты тұруға рұқсат алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі.

"Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 26 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданып, ол Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшiн шетелдiктердiң қажеттi кәсiптердiң тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртiбiн бекiту жөнiндегi жаңа функция берді. Заңды іске асыру мақсатында министрлік 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі", - делінген Еңбекмин баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тізбе денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, ғылым және т. б. салаларда сұранысқа ие 21 кәсіпті көздейді. Сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктер өздерінің төлем қабілеттін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат ресімдей алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан үшін ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және IT салаларында өте қажет кәсіптерге ие бар шетел азаматтары республикада тұруға ықтиярхат ала алатын кәсіптер тізбесін бекітті.

Қазақстанда тұру үшін шетелдіктер мынадай мамандық иесі болуы керек:

  • Дәрігер-нейрохируг
  • Дәрігер-гематолог
  • Дәрігер-онколог
  • Дәрігер-неонатолог
  • Дәрігер-эндокринолог
  • Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
  • Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
  • Фармация инженер-технологы
  • Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші
  • Авиациялық инженер
  • Ғарыш жүйесінің аппараттық-бағдарламалық қамтылымы жөніндегі инженері
  • Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер
  • Лазерлік жабдық жөніндегі инженер
  • Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
  • Инженер-медициналық радиохимик
  • Инженер-медициналық физик
  • Тоқыма шикізатының классификаторы
  • Бактериолог
  • АТ инфрақұрылымының архитекторы
  • Бағдарламалық қамтылым архитекторы
  • Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная