Face&Fact. Туристерге қонақүй туралы жазбаның шынайысы мен жалғанын ажырату тәсілдері айтылды

© pixabay.com

Ұлыбританиялық Channel 4 арнасының зерттеуіне қатысқан сарапшылар "жалған пікірілер арқылы туристерден қонақүй үшін ақша бопсаланып жатады" деп ескертеді. Осыған байланысты олар жалған және шынайы пікірді қалай ажырату керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық Channel 4 арнасының зерттеуіне қатысқан сарапшылар "жалған пікірілер арқылы туристерден қонақүй үшін ақша бопсаланып жатады" деп ескертеді. Осыған байланысты олар жалған және шынайы пікірді қалай ажырату керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әдетте адамдар жазғы демалысын қыста жоспарлап жатады. Алайда қонақүй таңдарда пікірлермен абай болған жөн. Көптеген туристер бұрын барып келген адамдардың айтқандарын негізге ала отырып, қонақүй таңдайды. Бірақ кейбір пікірлер тапсырыспен жазылған болуы да мүмкін.

Реклама
Реклама

"Британиялықтардың 97 пайызы қонақүй брондау кезінде өзгелердің жазған пікірлерімен танысады екен. Ал Channel 4 зерттеуі қонақүй туралы әрбір үшінші пікір жалған екенін көрсетті", - дейді Feefo платформасының клинеттермен жұмыс бойынша директоры Ким Берджесс.

© pixabay.com

Алайда пікіріді сол қонақүй қызметкерлері де жазуы мүмкін, бұл рейтинг көтеру үшін жасалады екен.

Мұндайға алданбас үшін біріншіден мынаны ескеріп алыңыз: "Шолуларды тексерілген, кері байланысы тексерістің сенімді процедураларынан өткен платформалардан оқу қажет, бұл ең қауіпсіз таңдауыңыз болады. Ал ашық платформалар - бұл ешқандай тексеріссіз кез келген адам пікір жазып кете алатын орын", - дейді Берджесс.

Одан кейін жалған жазбалардың шаблондары болады "Мен демалған ең керемет қонақүй" деген сияқты. Тым қатты мақтаған пікірлер де жалған болуы мүмкін. Бірнеше пікірді бот немесе бір адам жазуы ықтимал, ондай кезде жазбаларынан ұқсастық бірден байқалып тұрады. Содан кейін бір күнде жақсы пікір көптеп жазылған болса, бұл да сәл ертеректегі нашар жазбаны жасыру үшін жасалады. Шолуда қонақүй атауы бірнеше рет аталатын болса да, бұл рейтингті қолдан көтеру үшін істеледі. Ал шынайы пікір әдетте егжей-тегжейлі жазылады, ұсақ-түйектерді де қамтып өтеді.

Бұдан бөлек адамдар клинеттердің шынайы пікірлері туралы мәліметті жинаудың сенімді жолы бар туроператорлардың көмегіне жүгіне алады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная