Тегін тұру мен WiFi. Туристерге шетелде пайдалы болатын сайттар

Жаңа елге аттанған кез келген саяхатшыда ерте ме, кеш пе, сұрақтар туындайтыны сөзсіз. Әрбір сұраққа жауапты арнайы сайттардан және өз бетінше саяхаттауға арналған қосымшалардан табуға болады екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Елге кіру ережесін қайдан қараймыз?

Ұшақпен аттанатындар Timatic (Тиматик) сайтымен танысқаны абазл. Бұл онлайн-анықтама, онда бірінші кезекте әуекомпаниялары туралы ақпарат беріледі. Кейбірі жолашуыларға да қолжетімді.

Мәселен
KLM мына сілтеме: klm.traveldoc.aero
Qatar мына сілтеме: qatarairways.com

Бұл ресурстарды пайдалану үшін сапарыңыз туралы кей дерек қажет болады және сирек жағдайда құжат мәліметтерін талап етеді.

Сонымен 0fnfh, IATA сайтымен танысқан жөн, мына сілтеме бойынша: iata.org. Онда Passport, Visa and Health Regulations бөлімінде елге кіру ережесі, виза туралы, вакцина қажет пе деген сияқты барлық ақпарат бар. Ал Customs, Currency and Airport information бөлімінде кеден тәртібі көрсетілген: жануарларды тасымалдау, валюта өткізу және тағы басқа.

Назар салыңыз! Timatic тек әуежолымен саяхатқа ғана байланысты!

Қарызды тексеру

Сырт елге шығар алдында Мемлекеттік кіріс комитеті алдында қарызыңыз жоқ па біліп алған жөн. Әйтпеген жағдайда әуежайдан кері қайтуыңыз керек болады.

Тексеру сайты: egov.kz/cms/kk және kgd.gov.kz.

Мемлекеттік кірістер қызметінің веб-сайты арқылы (kgd.gov.kz) электронды қызметтерде (салық берешегінің болмауы туралы ақпарат; жеке тұлғаларға төленетін алдағы төлемдер), электронды үкімет порталында (egov.kz) немесе салық төлеушінің кеңсесінде.

Билетті іздеу жолдары

Бәрі сіздің қалай саяхаттамағыңызға байланысты:

  • Егер теміржолмен болса, КТЖ сайтын: bilet.railways.kz немесе aviata.kz арқылы қарай аласыз. Мұнда пойыздар кестесі, билетті алу және қайтару сияқты ақпараттың бәрі бар.
  • Егер әуе жолымен болса, қажетті рейсті: aviata.kz сайтынан іздеңіз. Бұл сервисте жүздеген әуе компнаиясы туралы ақпарат бар.
  • Егер авто көлікпен саяхаттасаңыз: blablacar.ru сайтын шолып өткен артық болмайды.

Сонымен қоса, omio.ru сайтында Ресей, Еуропа елдері, ТМД және Америка бойынша жүретін автобустарға билет алуға болады. Ал intui.travel платформасында таксиге артық төлемес үшін әуежайдан трансфер жалдау ыңғайлы. Сервис әлемдегі 100 елде қолжетімді.

Турларды қайдан іздеуге болады

Ht.kz - делдал агенттіктерсіз кез келген елге күйіп бара жатқан турларды тауып алуға болатын онлайн-сервис. Әр жолдамада қажетті ақпараттың бәрі көрсетілген.

Баспана іздеу

Саяхат кезінде қонақ үй, жеке меншік үй немесе пәтерде де тоқтауға болады:

booking.com - 1,3 миллион ұсынысы бар платформа (қонақүйлер, жер үйлер, апартамент, вилла, хостелдер) әлемнің 225 елінде жұмыс істейді.
agoda.com - мұнда 2 миллиондай ұсыныс бар.
airbnb.ru - үйді жалға іздеу сайты.
hostelworld.com - мұнда әлемдегі барлық хостелдер туралы ақпарат бар.
couchsurfing.com - тегін орын табуға болатын сервис, түрлі елдердегі туристер бір-бірін өзінде қабылдайды.

Түрлі қонақүйлер туралы мінездемелерді мындан оқи аласыздар: tripadvisor.com

Пайдалы ақпарат:

tengritravel.kz - туризм саласының мәселелері, елдегі туризмнің ахуалы, мамандардан пайдалы кеңестер, лайфхактар және қазақстандықтар қай елге қашан ұша алатыны туралы мәліметтер жарияланады.
flightradar24.com - мұнда ұшақтың дәл қай жерде ұшып бара жатқанын бақылай аласыз.
compensair.com - осы платформада рейстің кешігуі мен ұшпай қалғаны үшін өтемақы өндіре аласыз.
avis.com - көлікті жалға алу.
Instabridge және WifiMap - WiFi іздеуге арналған, кейбірі құпия сөзімен бірге шығады

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!