Reddit әлеуметтік желісіндегі Data Is Beautiful парақшасында туристердің қайтып барғысы келмейтін елдер тізімі жарияланды. Олардың ішінде қазақстандықтар жиі баратын Мысыр мен Түркия елдері де бар. Негізгі аргументтер ретінде "басқаларға" деген қарым-қатынастың төмендігі, жыныстық зорлық-зомбылық, лас жерлердің көптігі және басқа да кикілжің тудыратын жағдайлар. Тізімде туристер баруға сескенетін Сирия және Ауғанстан сынды елдер бар, сондай-ақ әрбір адамның арманына айналған Жапония, АҚШ және БАӘ сынды елдерге де шағым айтылған.
Тізімдегі елдерге тоқталайық:
Жапония
"Заманауи, әдемі ел, адамдары да кеңпейіл, алайда маған олармен тығыз қарым-қатынаста болу бұйырмады", - дейді зардап шеккен туристердің бірі. "Гайдзендер" бұзақы жасөспірімдерге жолығып қалуы мүмкін, олар заттарын лақтырып адамдардың ығырын шығарады. Ал ересектер дәстүрлі жапониялық сыпайлықты бетпердемен жауып, шетелдіктерді жақтырмайтындарын жасырады - дейді саяхатшылар. Сондай-ақ, Жапонияда семіз адамдарды келеке етеді - деп шағымданды олар.
Мысыр
"Бұл елде жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болу ықтималдылығы өте жоғары - Каирдың туристер бара бермейтін аумақтарынан бөлек, Хеопс пирамидаларына экскурсия кезінде (бүгіліп, қараңғы туннельмен жүру) кезінде сіз не алдыға не артқа қозғала алмайтын кезде мұндай жағдайға тап болуыңыз мүмкін", - дейді турист қыздардың бірі.
Сондай-ақ елдегі антисанитария мен қайыршылар адамдарды мезі қылатынын пікір қалдырушылардың көпшілігі жазған.
Желі пайдаланушылары ұнамайтын курорттық елдерді атады
Сауд Арабиясы
Көшедегі адамдар сіздің неліктен мұсылман еместігіңізге байланысты дау туғызып, тиісуі мүмкін деп жазады туристер.
Батыс Африкадағы Гамбия
"Әлемдегі ең парақор мемлекет", - дейді туристердің бірі. Алайда бұл "атақ" әлі де кездеседі.
© pixabay
БАӘ
"Батыс мәдениетін ұрлаудың көргенсіз түрі. Мен 12 сағат бойы Нью-Йорктен не үшін ұштым? Бар көргенім чизкейк фабрикалары, Wendy's, калифорниялық пицеррия және тағы басқасы. Нағыз дүниені таба алмайсыз", - деп назданды жиһанкездердің бірі.
Түркия
Тағы да сол жыныстық зорлық-зомбылық. "Арсыз еркектер сізді қыр соңыздан қалмай аңдып жүреді", - дейді турист қыздардың бірі.
Ауғанстан
"Маған бірдеңені нақтылаудың да қажеті жоқ шығар", - деп жазды тревел-блогер.
Катар
"Мұнда тек бақуатты араб шейхтерінің непалдық құлдарын сабап жатқанын ғана көруге болады, бұл өте сұмдық", - дейді саяхатшылар.
Қытай
Туристердің көпшілігі негізінен "аңду әсеріне" шағым білдірген, лас әрі жағымсыз ауа, сондай-ақ қалалардың жаяу жүргіншілерге еш жағдай жасалмағанын айтты.
Камбоджа
"Парақорлық жайлаған ел" атағын алған тағы бір мемлекет. Сонымен қатар олар осы елге келетін өз "әріптестері" - еуропалық бай зейнеткерлердің әрекетіне наразы болды. Туристердің айтуынша, байлар мұнда жасы 18-ге жетпеген қыздармен жыныстық қатынасқа түсу үшін келеді-мыс.
© pixabay
Оңтүстік Африка
"Біздің қонақүйдің жанына жүк көлігі тоқтап, еш себепсіз атыс басталып кетті. Қақтығыстан кейін шығып қарағанымда, кемінде 7 адамның өлі денесін, кем дегенде жарақат алғандарды көрдім, олардың арасында біздің гид те болды", - дейді жиһанкез.
Үндістан
"Қоқыс деген кез келген жерде жатыр, сиырлар көше кезіп жүреді, адамдары ашкөз әрі жағымсыз, кедейлер өте көп, осының өзі өте аянышты", - дейді саяхатшылар.
Сирия
Туристер инфрақұрылым жағдайының өте нашар екенін және кедейшілікті былай суреттейді: "әлбетте, соғыс болған аймақтан басқа не күтуге болады?".
Венесуэла
"Егер бұл елде отбасыңыз/досыңыз/танысыңыз болмаса, онда бару туралы ойлаудың да қажеті жоқ", - деп жазады туристер.
Бразилия
"Бір ай бойы бізге автобуста тоналуымыз мүмкін екені, көшеде не жағажайда өлтіріп кетуі мүмкін және тағы басқа ескертулер болғанына қарамастан бардым. Сөйтіп екі қашқын қылмыскер мені тұтқында ұстады. Менің ойымша одан артық айтудың да қажеті жоқ", - деп жазды саяхатшы.
Мексикада туриске шабуыл жасалды. Қаскөйлер оның аяғын кесіп тастаған
Молдова
"Автобуста маған екі "гопник" шабуыл жасады. Сондай-ақ бұл елдегі ахуал - нағыз депрессивтік дер едім", - дейді туристердің бірі.
© pixabay
Израиль
Мұнда туристер тек қауіпсіздік мәселесіне шағымданып қоймай, бұл елді "өте нәсілшіл ел" деп атады.
Франция
Францияда туристерге деген көзқарастың орта тұсы жоқ: олар не өте мейірімді, не өте жағымсыз", - деп жазды саяхатшылар.
Танымал курортта қонақүйдің 56 жастағы күзетшісі туристі зорлады
Марокко
"Мұнда барлығының көздегені сіздің әмияныңыз", - дейді авторлардың бірі.
Таиланд
"Мен үшін бұл елде жезөкшелік және ашық аспан астындағы балалар порнографиясы тым көп", - дейді тай елінде болған қонақ.
АҚШ
"Мен көргендердің ең сорақысы. Америкалықтардың тең жартысы АҚШ сыртында не болып жатқанын білмейді. Олар өздерін әлемнің "бас жұлдызы" және басқа елдер туралы білудің қажеті жоқ деп ойлайды. Нью-Йорк өте лас қала, қайыршылар өте көп. Мен екі адамның түн жарымда пышақтасып жатқанын көрдім", - деп жазды туристер.
Ямайка
"Барлығы ештеңе істемесе де сенен шайпұл күтеді. Егер жергілікті тұрғындар сізден ақша сорғанын немесе тонап кетпеуін қаламасаңыз, онда барушы болмаңыз", - деп жазды жиһанкез.
Сондай-ақ тізімде Мадагаскар, Чад, Лаос, Пәкістан және басқа да елдер бар.