Туристік сайт саяхатшыларға үздік тур табу үшін ChatGPT қолданады

Америкалық туристік компания өз сайтына ChatGPT жасанды интеллект қолдану арқылы үздік турлар іздеудің жаңа жүйесін енгізді. Енді туристер демалыс орны, ұшу, брондау, сауықтыру мен көрнекі орындар туралы мінездемелер алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Dailystar басылымына сілтеме жасап.

Танымал болған ChatGPT платформасы тамаша демалыс өткізуді жоспарлау және осыған қатысты мәселелерді шешу үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. Осылайша америкалық Expedia компаниясы туристер үшін танымал нейрожүйемен серіктесіп, жаңа функция ұсынды. Сайт пен қосымшаны қолданушыларға жасанды интеллектпен сөйлесуді бастау, қызығушылық тудыратын сұрақтар қою және қайда бару, қайда тұру, қалай шарлау, не көру және не істеу керектігі туралы кеңестер алу ұсынылады.

Функция әр адамның демалуға көңіл бөлуі үшін оның қажеттіліктерін зерттеуге және қанағаттандыруға бағытталған. Брондау процедурасы да айтарлықтай жеңілдетілген. Жүйе таңдаудың интеллектуалды тәсілін қолданады, әңгімеде талқыланған қонақүйлерді автоматты түрде сақтайды, пайдаланушыларға ұйымдасқан турист болуға көмектеседі және күндерді таңдауды жеңілдетеді, қолжетімділікті тексереді және рейстерді, көліктерді немесе белсенділікті қосады.

"ChatGPT жасанды интелектін Expedia қосымшасына біріктіру арқылы қонақүйлерді салыстыру, рейстердің бағасын қадағалау және саяхатты бөлісу құралдары сияқты басқа жасанды интеллектке негізделген іздеу мүмкіндіктерімен біріктіру арқылы біз енді саяхатшыларға олардың тамаша сапар құрудың одан да интуитивті әдісін ұсына аламыз", - дейді Expedia Group вице-төрағасы әрі компания директоры Питер Керн.

Компания мәліметінше, ендігіде туристер заманауи технологияны пайдалану арқылы мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

  • қонақүйдің орналасқан жері, бөлме түрі, күн диапазоны, баға көрсеткіштері және т.б. сияқты 1,26 квадриллион айнымалыдан жекелендірілген және сұранысқа сәйкес саяхат опцияларын алу үшін жасанды интеллект арқылы сатып алу мүмкіндігі;
  • жасанды интеллект бақылайтын ең қолайлы бағамен әуебилеттерді брондауға сенімділік;
  • тәулік бойы қолжетімді ЖИ кеңесшісінің көмегімен сапарда күтпеген өзгерістер болған жағдайда мәселелерді шешу.

Expedia бұрындары да өз платформасында басқа да ЖИ технологияларын енгізген. Ол саяхатшыларға брондаудан кейін туындайтын кез келген мәселелерге көмектесу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету чатботын пайдаланады. Сонымен қатар, ұшу бағасын бақылауға мүмкіндік береді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!